«Мектеп формасы – баршаға ортақ»

 

27 сәуір күні Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.Жиналысқа мектептің ата-аналар ұйымының төрағасы, мектептің қайырымдылық ұйымының мүшелері, мектеп инспекторы, БАҚ өкілдері, түрлі саладағы мекеме басшылары және мұғалімдер қатынасты. Жиналыста 2018-2019 оқу жылындағы мектептің формасы бекітілді.


Мектеп формасы – бала үшін ең маңызды элемент болып табылады, себебі баланың  көпшілік  уақытын  мектепте өткізеді. Мектеп формасы оқу процесінде зейінін тұрақтап шоғырлануға көмектеседі және басқа  заттарға көңіл аудармауды тәртіптейді.


Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлық сипатына сәйкес келуі қажет. Форманың үлгісі мен түсі классикалық үлгіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес және шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалып, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

 

 

Біздің мектебімізде бірыңғай форма қыз балалар ақ бантик, ақ кофта, қара-көк юбка,(ұзындығы тізіден 5 см түсіп тұруы тиіс) ал ұл балалар ақ көйлек, қара-көк  шалбар (тобықты жауып тұруы тиіс) киеді.

 

Оқушылар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйренген. Сабақтан соң да түс мезгілінде осы киімдерімен жүреді. Қай мезгілде қарасаң да әр сынып оқушыларынан жинақылық, тазалықты байқайсың. Ата-аналар оқу жылының басында алып берген киімдерін балалар орнымен осылайша киеді. Яғни, ақ шағаладай күні бойы аппақ болып жүруі, баланы тазалық пен имандылыққа, жан-жағындағы адамдарға сүйкімді көрінуге тәрбиелейді.

 

 

Ер балаларға пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек ұсынылады. Оларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең көлемде пішіледі. Жеңі, жағасы жоқ киімдер киюге тыйым салынады. Форманың негізгі және керағар түсіне сәйке келетін галстугі болады.

 

Қыз балаларға пиджак, желет, белдемше, классикалық үлгідегі жейде, қысқы мезгілде сарафан, тоқыма желет киюге болатын болса, жеңі, жағасы жоқ киімдерге рұқсат етілмейді және белдемше ұзындығы тізеден түсіп тұруы керек. Ер балараға мерекелік форма ақ көйлекпен, қыздарға ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады. Спорттық киімге ортақ спорттық кастюм және аяқ киім жатады. Сондай-ақ, түрлі конфессиялардың діни киімдердің элементтері болуына рұқсат берілмейтінін айтып өтті.

 

Матасы ретінде жартылай жүн және құрамы жақсартылған мақтадан жасалған, тозуға төзімді, бактерияға қарсы, антистатик қасиеттері бар маталар қолданылады. Оның түсін, үлгісін білім беру ұйымдары қоғамдық кеңеспен, мектептің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамаларымен бекітеді. Форма туралы сұрақтарды талқылауға қатысуға және ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар. Оларға киімді отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады, бірақ нақты өндірушіден сатып алуды міндеттемейді немесе оқу орнында форма сатуды ұйымдастырмайды,- деп түсіндіріп өтті.

 

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары Бейсов Берік Мұратұлы

 

 

 

 

Бірыңғай мектеп формасы – ортақ шешім

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі бұйрықты «дұрыс» деп қабылдаймыз. Көп ұстаздардың ойынша, бірізділікті мектеп формасы болуы талап етілуі тиіс. Өйткені оның да беретін тәрбиелік мәні зор. Балалардың бір-бірімен тең болуына, өзін оқушы сезінуіне, тиянақтылыққа, жауапкершілік қасиеттерге баулиды.

 

Біздің мектебімізде бірыңғай форма қыз балалар ақ бантик, ақ кофта, қара-көк юбка, ұл балалар ақ көйлек, қара-көк  шалбар киеді.

 

Балалар осы тәртіпке, бірыңғай киімге үйренген. Сабақтан соң да түс мезгілінде осы киімдерімен жүреді. Қай мезгілде қарасаң да әр сынып оқушыларынан жинақылық, тазалықты байқайсың. Ата-аналар оқу жылының басында алып берген киімдерін балалар орнымен осылайша киеді. Яғни, ақ шағаладай күні бойы аппақ болып жүруі, баланы тазалық пен имандылыққа, жан-жағындағы адамдарға сүйкімді көрінуге тәрбиелейді.

 

Форма бұл бір жағынан оқушының мектеп өміріндегі ең қызықты кезеңі дер едім. Себебі өзіміз мектепте оқығанда бірыңғай мектеп форма, ақ фартук кидік. Сол кездегі форма үйлесім тауып тұратын еді. Ал қазір де бірыңғай мектеп формасын қажет деп есептейміз. ҚР Білім және Ғылым министрлігі шығарған мектеп формасының үлгісін қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі бірлесе қарап, өз ұсыныстарын айтуға болатындығы көрсетілген. Сондықтан да мектептің барлығында бір үлгідегі мектеп формасы болса деген ұсыныс білдіреміз.