2020-2021 оқу жылында  Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сыныптарында 267 оқушы кезекші сыныптарда,80 оқушы қашықтықтан білім алуда.Бастауыш сыныптар бойынша барлығы 16 сынып комплексі бар.24 кезекші сынып бар. Оқушылар 2 кезекте білім алуда. 1 кезекте -146,2 кезекте -121 оқушы білім алуда.

 

Оқушыларды,мұғалімдер мен қызметкерлерді  мектеп медбикесі қызуларын өлшеп қабылдап алады.

 

Әрбір сыныпқа  сабақ кестесі жасақталып,бекітіліп оқу процесі жүйелі жүргізілуде.  Қазіргі таңда мектепте кезекші сыныптарға 34 мұғалім еңбек етіп,білім беруде.

 

Әр  2 сабақтан соң,15 минуттың үзіліс беріліп,сынып бөлмелері диззенфекцияланады.Ауа тазартылады. Оқушыларға дене жаттығулары жасатылады.

 

Оқушылар таза сумен қамтамасыз етілген.

 

Мектеп директорының бастауыш сыныптар жөніндегі оқу ісінің орынбасары: А.Маханова